Мажарстан

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Координаттар: 47°29′53″ с. е. 19°02′24″ ш. б. / 47.498056° с. е. 19.04° ш. б. (G) (O)

Мажарстан
Magyarország
Flag of Hungary.svg Coat of arms of Hungary.svg
Байрақ Елтаңба
Әнұран: «Himnusz» (тыңдау )
EU-Hungary.svg
Мажарстанның орналасуы (қара-жасыл):
Еуропада (ашық-жасыл және қара-сұр)
Еуропалық одақта (ашық-жасыл)
Тарихы
Құрылды 1000
Тәуелсіздік күні 17 қазан 1918 (Аустрия-Мажарстаннан)
Мемлекеттік құрылымы
Ресми тілі мажарша
Елорда Coa Hungary Town Budapest big.svg Будапешт
Ірі қалалары Будапешт, Дебрецен, Мишкольц, Сегед, Печ, Дьёр, Ниредьхаза, Кечкемет, Секешфехервар
Үкімет түрі Парламенттік республика
Президенті
Премьер-министрі
Янош Адер
Виктор Орбан
Географиясы
Жер аумағы
• Барлығы
• % су беті
Әлем бойынша 109-шы-орын
93 030 км²
0,74%
Жұрты
• Сарап (2009)
• Санақ (2011)
Тығыздығы

9 982 000[1] адам (83-ші)
10 014 324[2] адам
107,7 адам/км² (94-ші)
Экономикасы
ЖІӨ (АҚТ)
  • Қорытынды (2011)
  • Жан басына шаққанда

196,196 млрд.[3] $ (54-ші)
19 647[3] $
ЖІӨ (номинал)
  • Қорытынды (2011)
  • Жан басына шаққанда

147,874 млрд.[3] $ (53-ші)
14 808[3] $
АДИ (2008) Green Arrow Up Darker.svg 0,805[4] (өте жоғары[4]) (36-шы)
Этнохороним мажарлар
Валютасы Мажар форинті
Қосымша мәліметтер
Интернет үйшігі .hu, .eu (ЕО мүшесі ретінде)
ISO коды HU
ХОК коды HUN
Телефон коды +36
Уақыт белдеулері +1 (CET)

Мажарстан (маж. Magyarország) — Eуропаның орталығында oрналасқан ел.

Жағрапиясы[өңдеу]

Мажарстан Альпі, Карпат және Динар тауларының аралығында орналасқан. Жерінің тең жартысын Үлкен Орта Дунай ойпаты алып жатыр. Мажарстанның басты өзені - Дунай елді қақ ортасынан басып өтеді. Балатон атты үлкен де әдемі көлдің жағасында көптеген санаторийлер, қонақүйлер, туристік орындар бар. Мажарстан [5] – Еуропаның Аустрия, Словакия, Украина, Румыния, Хорватия мемелекеттерімен шекаралас жатқан ел.

Экономикасы[өңдеу]

Мажарстан – Еуропаның орталығында орналасқан мемлекет. Жер көлемі 93 мың км². Халқы 10,1 миллион адам (2007). Астанасы – Будапешт. Халқының 90%-дан астамы мажарлар. Қалғандарын алман, серб, хорват, румын, еврей, тағы да басқа халық өкілдері құрайды. Мемлекеттік тілі – мажар (мадияр) тілі. Тұрғындарының басым көпшілігі христиан дінінің католиктік (70%) және протестанттық (25%) тармағын ұстанады. Мажарстан – парламенттік республика. Елді президент басқарады. Заң шығарушы органы – бір палаталы Мемлекеттік жиналыс. Атқарушы билікті Мемлекеттік жиналыс құрамындағы әртүрлі партия өкілдерінен құралған үкімет жүргізеді. Орта Дунай жазығында орналасқандықтан, жерінің 60%-дан астам бөлігін жазық, қалған бөлігін таулы қырат алып жатыр. Жазық жерлері ауылшаруашылығына қолайлы, таулы аймақтары қалың орманды. Мұнда дүниежүзіне әйгілі курортты аймақ – Балатон көлі орналасқан. Климаты қоңыржай. Қаңтар айындағы орташа температура –2 – 4ӘС, шілдеде 20 – 22ӘС. Жауын-шашынның жылдық мөлшері 450 – 900 милиметр. Қазіргі Мажарстан жерін біздің заманымыздан бұрынғы 1-мыңжылдықта сақтар және кельт, иллирий, фракия үндіеуропалық тайпалары қоныстанған. Кейінірек герман, ғұн, авар тайпалары ағылып келіп, осы жерден Батыс Рим империясына шабуылдар жасаған. Бұл өңірде 430 жылы Аттила (Еділ) патша бастаған Батыс Ғұн мемлекеті құрылып, ол ыдырағаннан кейін Баян хан бастаған аварлар билігі салтанат құрды. 895 жылы Арпад патшаның басшылығымен мажарлардың (мажарлар) жеті тайпасы көшіп келіп қоныстанды. Арпадтың шөбересі Геза христиан дінін қабылдап, еуропалық үлгідегі мемлекет құрды. Шыңғысхан шапқыншылығы кезінде (1237-46) көптеген қыпшақ тайпалары Мажарстанға келіп, қоныс теуіп қалды. 1301 жылы Арпад әулеті биліктен кетіп, өкімет басына Анжу әулеті келді. Олар 1335 жылы чех, поляк корольдерімен бірігіп, саяси-сауда одағын құрды. 1372 жылы Пешт қаласында университет ашылды. 16 ғасырдың бас кезінде елдегі бытыраңқылық салдары Мажарстанның әлсіреуіне әкеп соқты. Осман сұлтандығы мұнда 1526-1686 жылдары өз биліктерін орнатты. Ел үш бөлікке: Шығыста Трансильвания князьдігіне, түріктер иеленген орталық бөлікке және Габсбургтер әулеті билеген Мажарстан корольдігіне бөлініп кетті. 1683 жылы түріктер Вена қаласы түбінде жеңіліске ұшырағаннан кейін Мажарстане Польша, Венеция мемлекеттерімен «Қасиетті одаққа» бірікті де, 1686 жылы елді азат етті. Бірақ билік басына Габсбургтер әулеті келді. 1867 жылдан бастап Мажарстан дербес парламенті, конституциясы бар елге айналып, экономикалық жағынан тез дами бастады. Бірінші дүниежүзілік соғыстың аяқ кезінде, 1918 жылы күзде, елде өкімет басына Антантаны жақтаушылар келді. Бірақ Ресей түрмелерінен босап шыққан мажар әскери тұтқындары 1919 жылы көктемде Мажарстанда уақытша Кеңес өкіметін құрды. Оны Хорти бастаған монархияшыл топ күшпен басып, король үкіметін қалпына келтірді. Жаңа үкімет 20 ғасырдың 30-жылдарынан бастап Германия мен Италияның ықпалында болды және Екінші дүниежүзілік соғыс барысында Германияның одақтасына айналды. Соғыстан кейін Мажарстан Кеңестер Одағының ықпал ету аймағында қалды да, өкімет басына коммунистер келді. 1956 жылы жиырма үшінші қазан күні тоталитарлық режим жойылып, көппартиялы жүйе қалпына келтірілді, үкімет Варшава шартынан шығатынын мәлімдеді. Төртінші қарашада Мажарстанға Кеңес әскерлері басып кіріп, бұл үкіметті таратып жіберді де, екі жүз мыңға жуық адам шетелге кетіп қалды. Шығыс Еуропадағы саяси өзгерістерге байланысты 1989 жылдың аяғында коммунистер билік басынан кетіп, орнына ұлттық-демократиялық күштер келді. Еуропалық Одаққа (ЕО) ассоциацияланған мүше, ал 1999 жылы НАТО-ға мүше болып қабылданды. Мажарстан орташа дамыған индустриялы-аграрлы мемлекет. Ұлттық табыстың әр адамға шаққандағы орташа мөлшері 4300 АҚШ доллары шамасында. Экономикасының жетекші салалары: машина жасау, станок шығару, химия, дәрі-дәрмек, металлургия, жиһаз жасау т.б. Ауыл шаруашылығы жақсы дамыған. Бидай, жүгері, қант қызылшасы, күнбағыс өсіріледі. Құс шаруашылығы мен шарап өндірісі жақсы өркендеген. Басты сауда серіктестері: Германия, Австрия, Италия, Франция, АҚШ, Ұлыбритания, ТМД елдері. Мажарстан үкіметі 1991 жылы Қазақстанның тәуелсіздігін таныды. 1955 жылдан БҰҰ мүшесі. Көптеген халықаралық ұйымдардың, оның ішінде Еуропа Кеңесінің жұмысына қатысып келеді. Венгриядағы халықтық өкімет тұрысында жүзеге асырылған әлеуметтік-экономикалық өзгерістердің нәтижесінде елдің экономикасында социалисттік өндірістік қатынастар өрістей бастады.

  • 1950-1970 жылдар арасында елдің ұлттық табысы жыл сайын 6%-ға өсіп отырды.
  • 1969 жылы халық шығынына жұмсалған күрделі қаржы, 1938 жылымен салыстырғанда 10 есе артты.
  • 1938 – 1970 жылдары ауыл шаруашылық өнімі 33%-ға артты.
  • 1969 жылы ұлттық табысының 54%-ын өнеркәсіп, 21%-ын ауыл шаруашылығы берді, яғни Мажарстан индустриялы-агралары елге айналды.

Мажарстанның экономикалық дамуына Кеңес Одағының, барлық социалисттік елдердің тигізген көмегі зор. Мажарстан социалисттік елдер арасындығы Экономикалық Өзара Көмек Кеңесінің мүшесі болып келеді.

Тарихы[өңдеу]

Мажарстанның тұрғылықты халқы өздерін «Мадиярлармыз» деп айтады. Осы мажарлық мадиярлардың қазіргі мекендеп жатқан Еуропа аумағына ұлы даладан келгендігі жəне олар қайсібір заманда сонда көшіп-қонған халықтың бір бөлігі болғандығы жайында тарихи, мұрағаттық деректер мен аңыздар көп. Мажар аңыздарындағы ғұндарға байланысты оқиғалар мажарлардың шығыспен байланысының сонау ерте заманда басталғанын, Мажарлардың Азиядан Еуропаға 896 жылы қоныс аударғанын баяндайды.

Қазақстан мен Мажарстан[өңдеу]

Қазақстанды өздерінің ата-жұрты деп санайды. ІХ ғасырда қыпшақ деген атпен белгілі болған халық моңғолдардың 1239 жылғы шапқыншылығынан Мажарстанға қоныс аударады. Көтен хан ІV Белаға елшілерін жіберіп, Мажарстанға халқымен көшіп баруға рұқсат сұрайды. Рұқсат алған соң, 1239-40 жылдары қоластындағы 40 мың (кейбір деректерде 60 мың) халқымен көшеді. Еркін көшіп-қонуға, ескі салттары бойынша өмір сүруге лайық аумақтарға, жазық далалы жерлерге қоныстанады. Түгелдей отырықшы болуларына жүз жыл кетеді, ал тілдері, Иштван Мандоки Қоңырдың айтуынша, ХVІІ ғасырдың аяғына дейін сақталады. Күні бүгінге дейін Мажарстандағы Дунай мен Тиса арасы – Кишкуншак (Кіші қыпшақ жері), шығысы Надькуншак (Ұлы қыпшақ) деген атауларға ие. Қарсақ қаласы – Ұлы Қыпшақ жерінің жүрегі. Мадиярлар мен қазақтардың туыстығы туралы алғашқы пікірлер ХІХ ғасырда жергілікті газет беттерінде жариялана бастайды. 1835 жылы Шамуель Брашшаидың «Қырғыз-қазақтар» атты еңбегі жарық көреді. Кейін де мадияр ғалымдарының қазақ еліне, жеріне байланысты еңбектері жарық көре бастайды. Солардың арасында Дьердь Алмашидің есімі көзге ерекше түседі. 1900 жылы Қазақ жеріне жасаған саяхаты нəтижесінде «Азия жүрегіне саяхатым» атты еңбегі жарық көреді. Кітабында Орта Азия халықтарының, соның ішінде қазақтардың өмірі, тұрмыс-салты, шаруашылығы, сауда-саттығы, əдет-ғұрпы, наным-сенімдері, қолөнері, ауыз əдебиеті туралы мол мағұлмат келтіреді. XX ғасырда белгілі мажар ғалымы, антрополог Тибор Тот өзінің ғылыми еңбектерінде екі елдегі руларды, қазақтар мен мадиярлар (мажар) арасындағы туыстық байланыстарды жан-жақты зерттеуді бастағанымен, бұл ғылыми мұрасын саяси себептерге байланысты жалғастыра алмайды. Ал Андрош Биро мұны ғылыми дəрежеге көтереді. 2006 жылы Андроштың жетекшілігімен, Қостанай облысында қазақ-мажар бірлескен антропологиялық экспедициясы Торғай өңірінде тұратын қазақтар мен мадияр руы өкілдері арасындағы генеологиялық деректер, антропологиялық өлшемдер жасалады. ДНК үлгілері алынып, ғасырлар бойы өзгермейтін жəне генетикалық ақпаратты сақтайтын Ү хромосомдарына талдау жүргізіледі. Нəтижесінде мажарлық мадиярлар мен қазақтардың арасындағы туыстық қатынас толығымен дəлелденеді. Ал Иштван Мандоки Қоңыр «Кун тілінің Мажарстандағы ескерткіші» (1993) атты еңбегінде мажар тіліндегі кейбір сөздер мен қазақ тіліндегі сөздердің ұқсастығын келтіреді. Мысалы: арқан – arkany, ұнтақ – ontak, шолақ – csollak, қанжыға – kangyik, пышақ – bicska тағыда басқа.

Табиғаты[өңдеу]

Венгрия жерінің 68%- ы жазық, 30%-ы төбелі-белесті аймақ, 2%-ы орта биітіктегі тау. Көп жерді Орта Дунай жазығының солтүстік бөлігін алып жатыр. Дунай өзені елді екіге бөледі. Оның шығыс жағында Орта Үлкен Дунай, солтүстігінде орта бикіктікті таулар және Венгриядағы ең биік тау Кекеш (1015м.) бар. Дунатуль жазығы, Кіші Орта Дунай ойпатының оңтүстік бөлігі эәне Орта Венгрия таулары мен Альпының етегі Дунайдың оң жағын алып жатыр. Венгрияның солтүстік-шығыс бөлігінде әйгілі агтелек үнгірі бар. Орта Дунай жазығының ең төменгі қатпарлы қабаты полезой, мезозой жыныстарынан, оның үсті палеоген, миоцен, пиоценнің тас аралас құмы мен сазынан, жоғары қабатта көлдердің және өзеннің құмсаз қабатының шөгінділерінен түзілген. Солтүстік орта биіктіктегі таулар пермь және тирастың сазды жанғыш тақта тасы мен әк тасынан, Орта Венгр таулары перьмның құм тасы мен конгломератынан, тирас пен юрганың мергель, долмит және әк тас жиынтығынан құрылған. Пайдалы қазбалары:

  • Табиғи газ;
  • Мұнай;
  • Темір рудасы;
  • Көмір;
  • Лигнит;
  • Боксит;

Климаты қоңыржай, континенттік. Қаңтарда орташа температурасы – 2,4 С, шілдеде 20 – 22,4 С, жауын-шашының жылдық мөлшері 450 – 900 мм. Үлкен Орта Дунай жазығының шығыс бөлігінде кей жылдары құрғақшылық болып тұрады. Басты өзені – Дунай. Оның ірі салалары Тиса, Раба, Шио, Драва. Тиса өзені бойында көптеген жер суару қаналдыры бар. Венгрия көлдерінің көбі шағын. Көп жері қара топырақты. Таулы, төбелі-белесті аудандары орманды жерге тән қоңыр және шым-карбонат топырақты, өзен аңғарлары алювиаль топырақты болып келеді. Бұрын Венгрия қалың орманды елдердің бірі еді, қазір жерінің 13,5%-ы ғана орман. Дала мен орманды мекендейтін жануарлар, құстар өзендерінде көксерке, шортан, тағы басқа балықтар кездеседі. Венгрия жері алты табиғи ауданға бөлінеді:

  • Үлкен Орта Дунай ойпаты;
  • Солтүстік таулы аймақ;
  • Кіші Орта Дунай ойпаты;
  • Дунай сыртындағы таулы аймақ;
  • Мезефельд;
  • Оңтүстік-батыс Венгрия.

Өнеркәсібі[өңдеу]

Социалисттік Мажарстанда жергілікті энергетика және шикізат базасы құрастырылған. Өнеркәсіпте бұрын болмаған салалар пайда болды, агралы аймақтарда ірі кәсіпорындар ашылды. Мажарстан жер қойнауы кенге онша қатты бай емес. Мажарстан индустриясының басты салалары, бұл:

  • Металл өңдеу.
  • Мәшине жасау.
  • Химия.
  • Тамақ өнеркәсібі

Қара металлургияға жұмсалатын темір рудасының 80%-ы, кокстың 65%-ы шетелден алып келінеді. Мажарстанның мәшине жасау өнеркәсібі негізінен металл аз жұмсалатын күрделі мәшинелер жасауға негізделген. Мотоцикл, жүк мәшинесі, автобус және кеме жасайтын зауыттар да бар. 1970 жылы мәшине жасау өнімі 1938 жылға қарағанда 16 есе артты. 1969 жылдары металл жонатын 14 мың станок, 4789 автобус, 345 теледидар шығарылды. Мажарстанның химиялық кәсіпорындары Казинцбарцика, Ленинварош, Варпалота, Сольнок қалаларында орналасқан. 1969 жылы 454 мың тонна күкірт қышқылы, 2381 мың тонна тыңайтқыш, 39,5 мың тонна пластмасса мен синтеттік смола өндірілді. Ауыл шаруашылығы Мажарстан жеміс, жүзім, көкөністер егуге, етті мал өсіруге мамандар ауыл шаруашылығының 90%-ын кооперативтер мен мемлекеттік шаруашылықтың қолында. Мажарстан Аумағының жартысынан көп жері ауыл шаруашылық жері болып табылады, оның 60%-ы егістік. Дунай, Тиса өзендерінің аралығында, тау беткейлерінде аса бағалы шарап жасалатын жүзім өсіріледі. Ауыл шаруашылығының 60%-нан астамы және ауыл шаруашылығының экспортының 40%-ға жуығын мал шаруашылығы береді. Етті ірі шошқа өсіруі қатты дамыған. 2 Дүниежүзілік соғыстан кейін қой шаруашылығы да өркендей бастады. Елдің оңтүстік бөлігінде жылқы өсіріледі. Сыртқы экономикалық байланыстар 1949-1969 жылдары Мажарстанның сыртқы өнім айналымы 7,1 есе артты. 1969 жылы экспорттың 68%-ы, импорттың 67,7%-ы социалисттік елдерлің үлесіне тиді. Экспортында мәшинелер, радиоаппаратура, теледидар үлесі басым болды, олардың 90%-ы социалисттік елдерге шығарылды. Шетке шығарылатын дәрі-дәрмек, сыртқы киім мен аяқкиім, боксит пен гленозем жылдан жылға көбеюде. Шеттен мажарлар еліне жыл сайын темір рудасы, көмір, мұнай, электр энергиясы, әртүрлі жартылай фабрикаттар әкелінеді. 1970 жылы сыртқы сауда айналымының 34%-ы Кеңес Одағының үлесіне тиді. Ел экономикасында туризмнің маңызы өсіп келеді. 1969 жылы Мажарстанда 6млн. Шетел туристтер болды.

Тағы қараңыз[өңдеу]

Дереккөздер[өңдеу]

  • Балалар энциклопедиясы
  1. Hungarian Central Statistical Office. Retrieved 2008-12-19.
  2. [http://epp.eurostat.ec.europa.eu/tgm/table.do?tab=table&init=1&language=en&pcode=tgs00079&plugin=1 Population and living conditions in Urban Audit cities, core city Total population in Urban Audit cities], eurostat.
  3. a b c d Report for Selected Countries and Subjects
  4. a b Human Development Index and its components
  5. Балалар энциклопедиясы, III-том