Корей Халық Демократиялық Республикасы

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу
조선민주주의인민공화국
朝鮮民主主義人民共和國
Чосон Минджуджуый Инмин Коңхуагук a
Корея Халықтық Демократиялық Республикасы
Солтүстік Корея байрағы Солтүстік Корея елтаңбасы
Ұраны강성대국
(Мощна и просперираща страна)
ӘнұраныАегукка
Солтүстік Корея орналасуы
Елордасы
(және ең ірі қаласы)
Пхеньян
39°2′N, 125°45′E
Ресми тілдері корей тілі
Үкімет түрі Чучхе идеяларына негізделген мемлекет
 —  Республиканың
   Мәңгі Президенті

Ким Ир Сен (қайтыс болған)b
 —  КХДР Ұлы жетекшісі Ким Чен Ир (қайтыс болған)c
 —  КХДР Жоғарғы жетекшісі Ким Чен Ын
 —  ЖХА Президенті Ким Йон Намd
 —  Премьер-министр Пак Пон Джу
Establishment
 —  Kojosŏn 2333 BCEf 
 —  Тәуелсіздік декларация Наурыздың 1 1919g 
 —  Liberation August 15 1945 
 —  Republic September 9 1948 
Аумағы
 —  Барлығы 120 540  км² (98-ші)
Айтылым қатесі: Танылмаған тыныс белгісі « »  миль² 
 —  Су (%) 4.87
Жұрты
 —  2006 сарап. 23,113,019e (48-ші)
 —   жұрт санағы белгісіз 
ЖІӨ (АҚТ) 2005 сарап.
 —  Бүкіл $40 миллиард (85-ші)
 —  Жан басына шаққанда $1,800 (149-ші)
АДИ (2003) белгісіз (n/a) (unranked)
Ұлттық ақшасы Wŏn (₩) (KPW)
Уақыт белдеу(лер)і (UTC+8:30)
not observed
Интернет үйшігі none (.kp reserved)
Телефон белгілемесі +850
a Administrative Divisions and Population Figures (#26) (PDF). NORTH KOREA: The Land of the Morning Calm. Permanent Committee on Geographical Names for British Official Use (сәуір 2003). Тексерілді, 10 қазан 2006.
b Died 1994.
c Kim Jong-il is the nation's most prominent leading figure and a government figure head, although he is not the head of state or the head of government; his official title is Chairman of the National Defence Commission of North Korea, a position which he has held since 1994.
d Kim Yong-nam is the "head of state for foreign affairs".
e Source: CIA World Factbook, Korea, North. North Korea itself does not disclose figures.
f Legendary.
g Symbolic.

Корей Халық Демократиялық Республикасы (кор. 조선 민주주의 인민 공화국?, 朝鮮民主主義人民共和國?), КХДРШығыс Азиядағы Корей түбегінде орналасқан мемлекет. Жер көлемі — 121,2 мың км2. Халқы — 22,5 млн. адам (1999). Негізгі халқы — корейлер. Бірнеше мың қытайлар да тұрады. Ресми тілі — корей тілі. Тұрғындарының көпшілігі будда дінін ұстанады, конфуцийшілдікті, христиан дінін ұстанатындар да бар. Астанасы — Пхеньян қ. (2,3 млн.). Конституция бойынша, КХДР “Чучхе идеясын басшылыққа алған егеменді социалистік мемлекет”.КХДР 1948 жылдың 9 қыркүйегінде халықтық-демократиялық мемлекет ретінде құрылды.Заң шығарушы органы — Жоғары халық жиналысы. Ким Чен Ын- 2011 жылдың 29 желтоқсанынан бастап елдегі жетекші партия Еңбек партиясының Бас хатшысы және 2012 жылдың 12 сәуірінен бастап КХДР Қорғаныс к-тінің төрағасы болып табылады. Ұлттық мерекелері: 9 қыркүйек — КХДР-дің құрылған күні, 15 сәуір — Ким Ир Сеннің туған күні (1912 ж., Күн мерекесі), 16 ақпан — Ким Чен Ирдің туған күні. Ақша бірлігі — вон. Ел аумағы әкімш. жағынан 9 провинцияға, 2 орталыққа бағынатын қалаға бөлінген.

Табиғаты[өңдеу]

КХДР, негізінен, таулы ел. Солт. жағында Корей таулары орналасқан. Түбектегі ең биік тау осы елде (Пэктусан жанартауы — 2744 м). Басты өзендері: Амноккан және Туманган. Климаты теңіздік, континенттік және муссондық. Қаңтардағы орташа темп-ра –21С, шілдеде 22 — 26С.

Osudok Forest.jpg

Тарихы[өңдеу]

КХДР-дің 1945 жылға дейінгі тарихы Корея Республикасымен ортақ (қ. Корея). 1945 ж. Корей түбегінің солт-нде КСРО әскерлері орналасқаннан кейін ел социализм орнату жолына түсті. 1946 ж. КСРО-ның көмегімен корей коммунистері Ким Ир Сен басқарған Уақытша үкімет құрды және жер реформасын жүргізе бастады. 1948 ж. 9 қыркүйекте КХДР ресми түрде жарияланды. КСРО өз әскерін түбектен алып кетті. 1950 ж. КХДР бұрынғы біртұтас елді біріктіру үшін Оңтүстік Кореяға басып кірді. БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесі 1950 ж. 25 маусымда КХДР агрессиясын айыптайтын және екі күннен кейін Оңт. Кореяға БҰҰ мүшелері тарапынан әскери көмек беретін қарарлар қабылдады. Оңт. Кореяға АҚШ, ал КХДР-ге Қытай еріктілері (1 млн-дай адам) көмектесті. КХДР жағына КСРО да көмектесіп, елдің ішкі аудандарын АҚШ авиашабуылынан қорғады. 1951 ж. екі жақ та шабуылдаушы күштерін сарқып, қорғаныстық соғыстарға көшті. 1953 ж. 27 шілдеде соғыс аяқталды. 20 ғ-дың 70-жылдарының басында және 80-жылдарының 2-жартысында КХДР үкіметі көршісіне елді біріктіру үшін келіссөз жүргізуді ұсынды, бірақ келіссөздер сәтсіз аяқталды. 1991 ж. желтоқсанда екі Корея мемлекеті бір-біріне шабуыл жасамау, ынтымақтастық орнату жөнінде келісімдерге келді. 1992 ж. ақпанда бірлескен декларацияға қол қойылды. КХДР-де қандай да бір шет ел азаматтарымен қарым-қатынас жасауға тыйым салынған. 1972 ж. президенттің атқарушылық қызметін қайта қараған Конституция қабылданып, ол бойынша корей халқы “Ұлы қолбасшыға”, яғни Ким Ир Сен мен оның ұлы Ким Чен Ирге шексіз берілу рухында тәрбиеленуде. 1994 ж. Ким Ир Сен қайтыс болып, орнына ұлы Ким Чен Ир сайланды. 1996 — 97 ж. КХДР-де экономика құлдырап, елді аштық жайлады. БҰҰ мүшелері елге азық-түлікпен көмектесе бастады. Бірақ қазіргі таңда демокр. елдерге қауіп төндіріп, ядр. қару жасап жатыр деген желеумен АҚШ КХДР-ды “қауіпті елдер” тізіміне кіргізіп отыр.

Korean Armistice Agreement.JPG

Экономикасы[өңдеу]

20 ғ-дың 50 — 60-жылдары КСРО-ның, Шығ. Еуропадағы соц. елдердің, Қытайдың қайтарымсыз қаржылай, тех., материалдық көмектері арқасында ел экономикасы тез көтерілді. “Қалалар мен селоларда социалистік қайта құрулар жүзеге асырылғаннан” кейін (1958), елді индустрияландыру мәселесі шешілген соң (1970) КХДР-де идеол., тех., мәдени революцияларды жүзеге асыру мәселелері алға қойылды. Оңт. Кореямен арадағы шиеленістерге байланысты қорғаныс мәселелеріне үнемі көп көңіл бөлуіне тура келді. 20 ғ-дың 80-жылдарынан бастап ел экономикасы сырт елдерден тұйықтала бастады. Елдің қазіргі жылдық ұлттық табысы 21,45 млрд. АҚШ долл-ы көлемінде, жеке адамға шаққанда — 950 долл. Сыртқы қарыз — 9,8 млрд. долл. Экспортқа металдар, тоқыма өнімдері, ауыр машина өнімдері, жеміс-жидек шығарылады, мұнай мен мұнай өнімдері, құрал-саймандар, астық, көмір, тамақ өнімдері импортталып әкелінеді. Негізгі сауда серіктестері: Қытай (импорттың 32,6%-ы), Жапония (экспорттың 27,9%-ы), ТМД елдері, Оңт. Корея, Германия, Италия, Иран.


Әдеб.: Горбунова М.Н., Корея, М., 1951; Современная Корея, М., 1971; Большой энциклопедический словарь, М., 2001. Б. Ташкенбаева

Electrical engineering components.jpg

Тағы қараңыз[өңдеу]

Оңтүстік Корея