Редакция
Форум


Экопост

Отау

Бас Баған

Саясат

Экономика

Сұхбат-диалог

Әлеумет

Рух

Теле-терезе

Әдебиет

Мәдениет

Қылмыс

Денсаулық

ЖАЗЫЛУ


Ай?ын

Дала мен ?ала

?аза? тілінде Интернет-газет

?аза? Интернеті

№ 12 (39), 30 маусым 2006 жыл

«Отан» мен «Асардың» «үйленуi» мүмкiн бе?

Қазақстанның саяси партиялық жүйесiнде алдағы аптада үлкен өзгерiстер болуы мүмкiн. Елдегi көппартиялық саясат қоспартиялыққа қарай алғашқы қадам жасады. Саналы, ерiк-жiгерiмен. Маңыздысы да осы болып тұр. Әлi көп мәселенiң басы ашып айтылған жоқ. Бiрақ бiзде қалыптасып қалған бiр қағида бар, ол партия жетекшiлерi жиi айтатындай, «бәрiн съезд шешедi». Дәлiрек айтсақ, шешiлiп қойылған, съезге келген партия делегаттары алдын ала мақұлданып қойылған мәселелерге қол көтерiп, бек қуаттайды. Жұмбақтамай мәселенiң басын ашып айтайық, 4 шiлде күнi Астанада «Отан» партиясының кезектi съезi өтедi. Ондағы негiзгi мәселе – президенттiк партияларды бiр шаңырақтың астына қосу. Бiр партия құру туралы бастамалар да айтылуы кәдiк. Сценарий бойынша. Десек те...

Толығымен



Қазақстандағы БАҚ-тың «бағы» кiмнiң қолында?

«БАҚ туралы» Заңның жолы болмай-ақ қойды. Осыдан бiр жыл бұрын өткен Еуразиялық медиафорумда Үкiмет жасаған заңға вето қойған Президентке ендi тағы бiр iс табылайын деп тұрған сияқты. Әңгiме тоқетерi тағы да БАҚталастыққа тiрелiп тұр. Салыстырмалы түрде айтсақ, екi жағалауда екi қожайын отырғандай. Бiрi бұған дейiн заң жобасын жасап дайындап қойған Дариға Назарбаева бастаған Қазақстан Журналистер Одағы болса, екiншiсi Ермұхамет Ертiсбаевтың заң жобасын қолдап отырған үкiметтегiлер. Парламенттiң де басым көпшiлiгi салмағы ауырлау соңғы топты қолдайтын сияқты. Бәрiн басынан бастасақ. Ақпарат министрлiгiне Ертiсбаев келгелi берi БАҚ саласында бiраз «реформа» басталды. Бұл көптеген монополистерге ұнамайтын да сияқты. Екiжақты текетiреске апарып отырған баптар да шын мәнiнде назар аударуға тұрарлық. Ендi әңгiменi министр Ертiсбаевтың өз пiкiрi бойынша баяндалық:

Толығымен



ҚАЗАҚ ЖУРНАЛИСТЕРIНIҢ КҮНI – 10 МАМЫР

ХХ ғасырдың алғашқы жылдарында «Газет – халықтың көзi, құлағы һәм тiлi» деген пiкiрi қанатты қағидаға айналған ұлы Ахмет Байтұрсынұлы «Қазақ» газетiнде былай деп жазады: «...газет – халықтың даушысы. «Жұртым» деп халықтың арын арлап, зарын зарлап, намысын жоқтатпайтын азаматтары газет арқылы халықтың сөзiн сөйлеп, пайдасын қорғап, зарарына қарсы тұрып, қарғаға көзiн шоқытпасқа тырысады». Талай-талай асуларды уақыт желiсiнде артқа тастап келе жатқан замана көшiнде бұл сындарлы ойдың салиқалы мағынасы кеңи түспесе тарылған емес. Ұлы ағартушының ғақлиялы сөзi 136 жылдық тарихы бар ұлттық журналистикамызда нақ бағдаршам секiлдi бағыт сiлтеп, ұлтық болмыс-бiтiмнiң шырайын келтiруде тарих баспалдақтарын бiрге аттап келедi.

Толығымен



 ИДЕОЛОГСЫЗ ҚАЛҒАН ОППОЗИЦИЯ ӨЗ СТРАТЕГИЯСЫН ҚАЙТА ҚАРАУЫ КЕРЕК

Қазақстандық оппозиция әлi үнсiз. Президент өзi басқарған мемлекеттiк комиссияның отырысынан кейiн елдегi басылымдардың әңгiме арқауы қайтадан оппозиция тақырыбына ауыса бастады. Мұның да жөнi бар. Алтынбек Сәрсенбайұлын еске түсiруге байланысты жиыннан соң, «заңсыз митинг өткiзгенi үшiн абақтыға 5және 15 күннен жатып шыққан оппозиция өкiлдерi ендi не iстемек?» деген сауал көлденеңдеп тағы шықты.

Толығымен



 УКРАЙНА: «БЫЛАЙ ТАРТСАҢ ӨГIЗ ӨЛЕДI, БЫЛАЙ ТАРТСАҢ АРБА СЫНАДЫ»

Украинада өткен жексенбiде аяқталған парламенттiк сайлаудан кейiнгi тартыс әлi толастаған жоқ. Қайта күн өткен сайын саяси күштер арасында бәсеке күшейiп барады. Сайлау қорытындысында 32 пайыз басым дауысты «Аймақтар партиясының» лидерi Виктор Янукович жеңiп алса да, қай партияның үкiмет құратыны әлi белгiсiз.

Толығымен



 БАЛАМА «ПАРЛАМЕНТ» һәм ҰЛТТЫҚ МҮДДЕ

Заң шығарушы орган жанынан тағы бiр палатаның «тұсауы» кесiлдi. «Су жаңа» Қазақстан Республикасы Парламентi мәжiлiсiнiң жанындағы қоғамдық сараптамалар палатасы Парламентке келiп түскен заң жобаларының сапасын талқыға салып, қос палатаға ұсынумен айналысады. Балама «Парламенттiң» дүниеге келуiне не мәжбүрлеп отыр? Негiзiнде бұл саламен заң бойынша Үкiмет айналысуы керек емес пе? Шындығына келгенде, бүған атқарушы билiк даярлаған құжаттың көп ретте сол сала өкiлдерiнiң психологиясы түрғысынан дайындала бермейтiндiгi басты себеп болса керек.

Толығымен



Мұрағат

2006-07-10 ҚР ҰҚК бөлімшелерінде жаңа тағайындаулар болды
Толығымен
2006-04-18 Байқоңыр ғарыш айлағына Еуропаның Metop аталатын жер серігі жеткізілді
Толығымен
2006-03-31 Жыл басынан бері экономикалық қылмыстардан мемлекет 13 млрд. теңгенің шығынына ұшырады
Толығымен
2006-03-15 Қазақстан Орта Азия елдері үшін адам саудасының орталығына айналып барады
Толығымен
2006-03-10 Құс тұмауы Каспийге келгені – Қазақстанға да қауіп төнгені
Толығымен
2006-03-03 АҚШ-тың федералды тергеу бюросының қызметкерлері қазақстандық оппозиция өкілі Алтынбек Сәрсенбайұлының өлтірілуіне қатысты істі тергеуге қайта келуі ықтимал
Толығымен
2006-02-24 Жуырда «SAP» компаниясымен«Глотур» АҚ халыққа қазақстандық нарықтағы «SAP Business One» шешiмдерiн ұсынды.
Толығымен
2006-02-14 К.Аннан бүкіл мұсылман қауымдастығын Батыс Еуропамен диалогқа шақырады
Толығымен
2006-02-04 Қазақстанға лаңкестік ұйымдардан қауіп бар ма?
Толығымен
2005-10-28 Н. Назарбаев: Басты мақсат - Қазақстанды әлемдегі қарқынды дамыған мемлекеттердің қатарына жеткізу
Толығымен

Мұрағат