Приветствую Вас Абитуриент • Регистрация • Вход • RSS
Среда, 9.5.2012
Главная » Работы » Рефераты на казахском » Биология, Валеология, Зоология, Анатомия, Медицина

ІШЕКҚУЫСТЫЛАР ТИПІ
ІШЕКҚУЫСТЫЛАР ТИПІ - COELENTERATA (CNIDARIA)
Гидрозоа класы сцифозоа класы маржан полиптер класы Нуdrozoa Scyphozoa Anthozoa.
Жалпы сипаттамасы
Ішекқуыстылардың басты белгілерінің бірі онтогенездік дамуы барысында тек екі ұрық жапырақшалары қалыптасып және олар ересек особьтарында айқын сақталып, бір-бірінен мезоглея қабатымен бөлінген эктодерма және энтодерма қабаттарын құрайды.
Осы белгісіне байланысты ішекқуыстылар екі қабатты (Diploblas¬tica) жануарлар тобына жатады.
Екіншіден - энтодерма кабатындағы клеткалары қуыс ішіне аскорыту сөлін шығарып, асты қуыстың ішінде қорытады. Осыған байланысты ішекқуыстылардың дене қуысы гастральды қуыс немесе ішек қуысы деп аталады. Типтің аты да осыған сәйкес берілген.
Белгілерінің тағы бірі - сәулелі симметриясының болуы.
Морфологиялық құрылысы жағынан және тіршілік етуіне қарай ішекқуыстылар тіркелмелі - полиптер және еркін жүзіп жүретін -медузалар болып топтасады.
Полиптердің денесі көбінесе цилиндр тәрізді. Табаншасымен субстратқа бекінеді, ал оған қарама-қарсы жағында гастраль қуысына ашылатын қармалауыштармен қоршалған ауыз тесігі болады.
Полиптер тобында жеке тіршілік ететін особьтары өте аз кездеседі, негізінде олар колонияльды формалар. Колониядағы особьтары құрылысы және қызметі жағынан әр түрлі болса, ол - полиморфты, ал бірдей болса - мономорфты колония болады.
Медузалар - жеке, шарықтап жүзіп тіршілік ететін организмдер. Денесі шатыр, табақша, қоңырау тәрізді. Колония құрмайды.
Ішекқуыстылардың тағы да бір ерекшелігі - аткыш (күйдіргіш) және нерв клеткаларының болуы.
Ішеккуыстылардың басым көпшілігі теңіздерде, аз ғана өкілдері тұщы суларда мекендейді. Олардың 9000-ға жуық түрлері белгілі. Дене пішіні цилиндр, шатыр, табақша, коңырау тәрізді, ұзындығы 1 мм-ден бірнеше см-ге дейін. Ірі түрлері де кездеседі. Мысалы, Суапеа arctica-ның көлденеңі 2 м, ал қармалауыштарының ұзындығы 30 м-ге дейін жетеді.
Ішекқуыстылар жыныссыз, жынысты және ұрпак алмасуы -метагенез арқылы дамиды.
Ішеккуыстылар типі үш класка бөлінеді: гидрозоа класы - Нуdrozoa, сцифозоа - Scyphozoa және маржан полиптері - Anthozoa.


Уважаемый пользователь! Материал может содержать устаревшие данные, ошибки (устаревшую экономическую статистику, утратившую силу закона, нормативные акты и т.п.). Поэтому перед сдачей рекомендуем самостоятельно проверить содержание работ.
Желаем успехов!




Чтобы получить работу:
Вам необходимо отправить в обмен равноценную работу на казахском языке. (т.е. реферат на реферат, курсовую на курсовую)
ОБМЕНЯТЬ


Категория: Биология, Валеология, Зоология, Анатомия, Медицина | Добавил: Admin
Просмотров: 660 | Загрузок: 49 | Рейтинг: 0.0/0

Это может Вас заинтересовать:
20.09.2011 Кәсіпорында өнімдерді өткізуді ұйымдастыру
15.09.2011 Курмангазы Сагырбаев
09.02.2011 Қазақстан Республикасының Құқық қорғау органы және қызметі
18.03.2011 Стороение атома
14.02.2011 Шыңғыстау обаларының құпиясы
09.02.2011 Қазақ тілінде сөз таптастырудың негізгі принциптері туралы
12.05.2011 Отто фон Бисмарк дипломатиясының негізгі белгілері
15.09.2011 Магжан Жумабаев
09.02.2011 Шығармашылық шыңдалу - басты бағыт
09.02.2011 9 май - Ұлы Жеңіс мерекесіне