• Біздің әлеуметтік желілердегі парақшаларымыз:
  • Шиндлердің тізімі / Schindler's List / Список Шиндлера

Жыл:
1993
Ел:
АҚШ
Режиссер:
Стивен Спилберг
Басты рөлдерде:
Рэйф Файнс , Лиам Нисон , Бен Кингсли , Кэролайн Гудолл , Эмбет Дэвидц , Йонатан Сэгаль , Малгоша Гебель , Марк Иванир , Беатриче Макола
Сценарий:
Стивен Зеллиан , Томас Кенилли
Продюсер:
Стивен Спилберг , Бранко Лустиг , Джералд Р. Молен
Жанр:
Драма , Тарихи , Әскери , Өмірбаян
Бюджет:
$22 000 000
Әлемдік табысы:
$321 265 768
Әлемдік премьера:
30 қараша 1993
Жас шектеуі:
R рейтингі - 17 жасқа дейінгі тұлғалар үшін ересектердің қадағалауы міндетті
Ұзақтығы:
195 минут
Суреттеме:

Кинотаспа құпия тұлға - Оскар Шиндлердің шынайы оқиғаларын баяндайды. Ол ұлтшылдар партиясының мүшесі бола жүріп және өзіне қарайтын фабриканы басқара жүріп, Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде мың бір жүзден астам еврейді аман алып қалады. Бұл ешкімге ұқсамайтын бір ғана адамның жетістігі, соның арқасында адамзат тарихындағы ауыр кезеңдердің бірінде аман қалғандардың драмасы.

Рейтинг:

7.5

  • Дауыс бергендер: 2
  • IMDb: 8.9(611842)
  • Кинопоиск: 8.911(133459)
Фильмді бағалау үшін сайтқа кіру немесе тіркелу керек.

РЕЦЕНЗИЯЛАР (1)

  • "Мына көлікті сатсам - он адамның өмірін сақтап қалап едім"

    Фильмдегі басты кейіпкердің сөзі

     

    Ол қарапайым бизнесмен еді. Еврейлердің Польшадағы қаңырап қалған ыдыс-аяқ зауытын сатып алып, қайтадан іске қоспақ болады. Бұл жерде оған бұрынғы қожайынның көмегі қажет болады. Сөйтіп еврейлермен істес болған фашистік партияның мүшесі еврей халқының ұлттық қаһарманына тең мәртебеге ие болады. Бұны неміс қалады ма, әлде қаламады ма - бұны фильмнен түсіну қиын. Өйткені ол қашан да ақшаны бірінші орынға қоятын. Бірақ соңында қалған өміріне жететіндей ақшаны еврейлерді неміс лагерлерінен сатып алып, аман алып қалғанын көргенде еріксіз бас киіміңді шешесің. Айтпақшы, кинокартинада еврейлер немістердің алдында бас киімін шешуге міндетті еді, бірақ нақ Шиндлердің алдында бұл құрметті шын пейілдерімен жасайтын. Бұл құрмет пен алғыс белгілерін сөзбен емес, жұмысшылардың бет-әлпеті мен әрекеттері арқылы жеткізе білген режиссер Стивен Спилбергке рахмет айтамыз ба, әлде актерлерге ма? Жалпы бұл да маңызды емес, маңыздысы - адамдардың арасындағы қарым-қатынастар мен игі істердің көрермен жүрегіне жете алуы.

     

    Фильмнің өзіне тән бірнеше ерекшелігі бар. Толықтай дерлік ақ-қара пленкада түсірілген (немесе бізге ақ-қара түспен көрсетеді). Фильм барысында бір ғана түсті көре аламыз - қызғылт. Қызғылт түсті пальтосы бар 5-6 жасар қыз. Фашистер қаланы "тазалауға" кіріскенде әлгі кішкентай қыз тобырдан сытылып шығып, бір үйге кіріп жасырынады. Бұл әрекетті қала сыртындағы биікте әйелімен серуендеп жүргенШиндлер бақылап тұрады. Біраздан соң сол қызғылт түсті тағы ұшырастырамыз. Бұл жолы 10 мың еврей өлтіріліп, қала сыртында олардың денелері өртелген сәтте. Шиндлер де сол жауыздық оқиғаның куәсі болады. Бұл жолы қызғылт пальтосы бар қыз қоларба үстінде, басқа өліктермен бірге жатыр еді.

     

    Бұны режиссер әрине жай ғана "бояп" қойған жоқ. Осы жағдайды фильмнің өзіне тән ерекшелігі деп қарастырған дұрыс шығар. Күрделі сюжетті картинадан бір шағын ғана сюжеттік мазмұнмен айрықшалағысы келген. Сол арқылы қасіретке толы өмірдің фонында бір сәбидің тектен-тек құрбан болғанын бізге тура мағынасында да, ауыспалы мағынасында да "бояп" көрсетеді.

     

    Бизнесмен Шиндлер 1100-ден астам адамның өмірін сақтап қалды. Жай ғана құтқарып қана қоймай, бар байлығын жұмсап, солардың аман қалуына жаратты. Жұмыс берді, тамақ берді.

     

    Бұл жерде әңгіме ұлттық өзгешелікте емес. Жай ғана адами іс-әрекетте. Бұл фильмде ешкім ақталып, ешкім қараланбайды. Екінші дүниежүзілік соғысы. Немістердің өз мақсаттары, өзгелердің өз мақсаттары бар. Тек осы оқиғаның ішінде жай ғана бір адамның атқарған тірлігі.

     

    Десек те, бір адамның өмірі арқылы жүздеген адамның тағдырының куәсі бола аламыз. 195 минуттық фильмде адамдардың өмірлері қысқа-қысқа көріністермен, кейіпкерлер айтқан әңгімелер арқылы баяндалады.

     

    Спилбергтің кезекті шедеврі. Лиам Нисон есімді актердің шеберлігі. Осы және өзге де адамдардың арқасында аталған кинотуынды әлемдік үздік 10 фильмнің қатарында тұр. Сюжеті ауыр, ұзақтығы тым көп. Сондықтан да, көрмес бұрын жақсылап ойланып алуға кеңес беремін.