«Балапан» телеарнасының жобалары


«Зерде»

Жанры: танымдық

Жүргізушісі: Тимур  Сержанов

Түпнұсқаның эфирге шығатын уақыты:  16:25

Қайталанатын уақыты: 10:45

Ұзақтығы: 25 минут

Жиілігі: түпнұсқа аптасына 5 рет, демалыс күндері қайталау

Мекен жайы: Астана қаласы, Қонаев көшесі, 4.

Байланыс телефоны: +7(7172) 553801,  www.balapantv.kz

 

Мақсаты:

Бастауыш сынып оқушыларының білімге деген қызығушылығын арттыру. Жалпы оқу бағдарламасымен қатар, дүниетану және ойлау қабілетін ұштау. Сонымен қатар, ұлтымыздың тарихын, салт-дәстүрін, әдеп-ғұрпын насихаттау. Тез және дұрыс шешім қабылдауға баулу. Оқушылардың ойлау қабілетін, дүниеге ғылыми көзқарасын қалыптастыру, ғылыми білім жүйесін меңгерту.

Мазмұны:

Бағдарламаға 4 оқушыдан құралған  екі топ қатысады. Қатысушылардың жалпы саны - 8. Ойын 5 кезеңнен тұрады. Топтар әр кезеңнің қортындысы бойынша ұпай жинайды. Бесінші айналымнан кейін барынша көп ұпай жинаған топ жеңімпаз атанады.

І айналымның атауы – «Білгенге маржан». Топтарға оқу бағдарламасының аясында әзірленген 6 сұрақ қойылады. Топ әр дұрыс жауапқа 1 ұпайдан алады.

ІІ айналымның атауы – «Әліппе». Екінші кезеңде топтарға қазақ әліппесінен кез-келген бір әріп беріледі. Топтар 1 минут уақыттың ішінде сол әріптен басталатын сөздерді планшетке жазуы тиіс. Адам аттары мен жер-су, қала атаулары есепке алынбайды. Нәтижесінде, барынша көп сөз жазған топ жеңіске жетіп, осы кезеңде 5 ұпай алады. Жеңілген топ ұпай алмайды.

ІІІ айналымның атауы  «Құрастырма сурет». Бұл айналымда топтарда суреттің бір бөлігі көрсетіледі. Топтар сол суретте жасырылған затты табуы керек. Қай топ бірінші тапса, сол топ кезеңнің жеңімпазы атанып, 4 ұпай алады. Жеңілген топ ұпай алмайды.

IV айналымның атауы – «Математик» деп аталады. Топтар кезекпен 1 минутқа созылатын математикалық ойын ойнайды. Топтың мақсаты –1 минуттың ішінде математикалық амалдарды барынша дұрыс шешу. Барынша көп математикалық есеп шешкен топ кезеңде жеңіске жетіп, 5 ұпай иеленеді. Жеңілген топ ұпай алмайды.

V айналымның атауы – «Сөзжұмбақ». Бұл кезеңде жүргізуші бір жұмбақ оқиды. Оның шешуі сиқырлы кітапта жасырылған. Топтар жұмбаққа дұрыс жауап беруі тиіс. Қай топ бірінші дұрыс жауап береді, сол топ 5 ұпай иеленеді. Жеңілген топ ұпай алмайды.

Бесінші кезеңнен кейін ойынның жалпы есебі анықталып, бағдарламаның жеңімпазы анықталады. Жүргізуші топтарды марапаттап, жеңімпаз топтың көшбасшысына арнайы Кубокты табыстайды.




«Тізімге қайту