Қазіргі заманда әлемдегі ақпараттық ағымның көлемі әрбір бес жылда екі еселеніп отырады, сондықтан өндірістің әр салаларының, оның ішінде аграрлық саласы мамандарының бұрынғы алған білімдерінен басқа, олардың біліктілігін көтеру және қайта даярлау немесе мамандық – беру бүгінгі күннің маңызды мәселелерінің бірі болып есептеледі.

Осыған орай 2001 жылы университет базасы негізінде Қосымша кәсіптік білім беру институты құрылған болатын.

Оның негізгі міндеті – Қазақстан Республикасы аграрлық нарығында мамандарын бәсекелестік қабілеттілігі жоғары болуы үшін олардың ғылым мен техника саласындағы жаңа жетістіктерді білуге ынталықтарын қанағаттандыру.

Негізгі мақсаты: «Өндіріске инновациялық технология мен жаңалықты енгізу негізінде білім және ауылшаруашылық сапасы қызметкерлерінің біліктілігімен дағдылығын көтеру».

Институт Қазақ ұлттық аграрлық университеті оқытушылары мен қызметкерлерінің біліктілігін көтеру бағдарламасын жүзеге асырумен қатар Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындары мен колледждер профессор-оқытушылар құрамдарының, сондай-ақ Қазақстан Республикасы аграрлық саласының ветеринария және мал шаруашылығы технологиясы, агрономия, механизациялау және машина жөндеу, ақпараттық жүйелер, экономика және менеджмент, заңгерлік, орман, жер және су қорлары, мемлекеттік тілді оқыту, мемлекеттік электрондық сатып алу және басқа мамандықтарға университеттің кең алқымды бағдарламасын ұсынады.

Қосымша кәсіптік білім беру институтының қызметкерлері үнемі жарнама-ақпараттық жұмыстармен шұғылданып, оларды республиканың аграрлық бағыттағы барлық жоғары оқу орындарына, Алматы, Оңтүстік Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Қарағанды, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Жамбыл облыстарының әкімшіліктеріне ақпараттық хатпен бірге біліктілік бағдарламасының атауы, бағасы және шамамен белгіленген оқыту мерзімі көрсетілген праис-парағы мен түрлі-түсті иллюстрациямен безендірілген баспадан шыққан оқыту бағдарламасының буклетін әрдайым жіберіп тұрады.

Толығырақ...

 
ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ АГРАРЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
Алматы қаласы, Абай даңғылы 8-ші үй, 050010
Ректордың қабылдау бөлмесі: +7(727)264 24 09, +7(727)262 19 48
Қабылдау комиссиясы: +7(727)264 06 13, +7(727)264 08 54
Канцелярия (факс): +7(727)262 11 08
e-mail: info@kaznau.kz
cm