01:15 12 Тамыз 2016
Астана+ 21°C
Тікелей эфир
Тенге. Архивное фото

"Өрлеу" ілкі жобасының аясында Т160 млн астам қаражатқа көмек тағайындалды

РИА Новости
Экономика
Қысқа сілтеме алу
1201

"Өрлеу" ілкі жобасының аясында 160 миллион теңгеден астам қаражатқа әлеуметтік көмек тағайындалды деп мәлімдеді ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі Светлана Жақыпова.

АСТАНА, 13 мам — Қазақстан жаңалықтары АА. "Өрлеу" ілкі жобасының аясында 160 миллион теңгеден астам қаражатқа әлеуметтік көмек тағайындалды деп мәлімдеді ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі Светлана Жақыпова.

ДӘДМ мәліметінше,  ҚР Парламенті бес институционалды реформаны іске асыру жөніндегі 100 нақты қадам – Ұлт жоспарының 84-қадамын іске асыру шеңберінде әзірленген «Қазақстан Республикасының кейбір заң актілеріне халықты әлеуметтік қорғау мәселелері бойынша өзгерістер енгізу туралы» Заңға Мемлекет басшысы 2015 жылғы 29 қазанда қол қойған. Аталған Заңның аясында төмендегі 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінің (бүгінде – 40%) 50%-нан төмен отбасына жұмысқа жарамды отбасы мүшелерінің міндетті түрде қазіргі таңдағы қолданыстағы жұмыспен қамту шараларын алмастыратын белсенді шараларға қатысуымен шартталған атаулы әлеуметтік көмекті (әрі қарай — АӘК) әрбір отбасы мүшесіне көрсетудің жаңа тәртіптерін енгізу қарастырылған: көпбалалы отбасыларына арнайы мемлекеттік жәрдемақы (әрі қарай — АМЖ);аз қамтылған отбасыларына арналған 18 жасқа дейінгі мемлекеттік балалар жәрдеамақысы;аз қамтылған үй шаруашылығына берілетін атаулы әлеуметтік көмек.

АӘК жаңа үлгіде шартсыз және шартты ақшалай көмек болып 2 түрге бөлінеді.

Шартсыз ақшалай көмек құрамында еңбекке жарамсыз мүшелері бар отбасыларына (мәселен, қарт зейнеткерлер мен мүгедектер отбасы) немесе еңбекке жарамды мүшелері еңбекпен қамту шараларына объективті себептермен қатыса алмайтын отбасыларына (мысалы, мектеп жасындағы балалары бар жалғызбасты ана) беріледі. Мұндай отбасыларынан жәрдемақы алуы үшін жұмыспен қамту шараларына міндетті түрде қатысу талап етілмейді.

Шартты ақшалай көмек құрамында еңбекке жарамды кем дегенде бір мүшесі бар отбасына әлеуметтік келісімшарт жасасқан жағдайда, сонымен қатар, отбасының барлық еңбекке жарамды мүшелері жұмыспен қамту шараларына міндетті түрде қатысқан жағдайда беріледі.

Әлеуметтік келісімшартқа қол қоя отырып, тараптар өзара жауапкершілікті мойындарына алады: әлеуметтік қызметтер жұмыспен қамту шараларын қарастырып, жәрдемақы төлесе, отбасының еңбекке жарамды мүшелері жұмыспен қамту шараларына адал ниетпен қатысады.

"Тұлғаларға тектен тек ақшалай көмек ұсынылмайды, оған жұмысқа орналасуға көмек беріледі, қайта даярлау мен кәсіби біліктілігін арттыру үшін әртүрлі курстарға жіберіледі. Осылайша, отбасының кедейлік жағдайынан шығу мүмкіндігі ынталандырылады",-делінген хабарламада.

Сонымен бірге, Вице-министр 2014 жылдан бастап әлеуметтік көмек көрсетудің жаңа әдістері Ақмола, Шығыс-Қазақстан және Жамбыл облыстарында сынақтан өтіп, әлеуметтік келісімшартқа отырған азаматтарға шартты қаржылай көмек көрсетуді қарастыратын «Өрлеу» пилоттық жобасы енгізілгенін мәлімдеді.

2015 жылғы 1 шілдеден бастап жергілікті бюджет қаражаты есебінен пилоттық жоба қосымша 38 аудан мен қалаларда жүргізіле бастады. 2015 жылы «Өрлеу» жобасына 20,2 мың адам қатысты. Жобаны іске асыру оған қатысушылардың жан басына шаққандағы табысының 2 есеге артуына; 90%-ға жуық еңбекке қабілетті қатысушыларды жұмыспен қамту шараларына тартуға; республика аумағындағы 18 жасқа дейінгі атаулы әлеуметтік және мемлекеттік жәрдемақы алушылар санын сәйкесінше 31,8%-ға және 2,1%-ға қысқаруына мүмкіндік туғызды.

"2016 жылы пилоттық жоба еліміздің барлық өңірлерінде іске асырылуда. Бұл мақсатқа республикалық бюджеттен ағымдағы жылға 1,4 млрд. теңге қарастырылған.Жергілікті атқарушы органдардың мәліметіне сәйкес, 2016 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша «Өрлеу» жобасысының аясында көрсетілетін шартты ақшалай көмек жалпы сомасы 163,2 млн.теңге көлемінде 12,4 мың адамға тағайындалды. Жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына 2,8 мың адам немесе «Өрлеу» жобасының еңбекке қабілетті қатысушыларының жалпы санынан 87,6 % шақырылды", — деді Светлана Жақыпова.

Басты тақырыптар