29 Желтоқсан 2015, 12:07

С.Асфендияров атындағы ҚҰМУ ректоры өз еркімен қызметінен кететіндігін жария етті

АСТАНА. ҚазАқпарат - С.Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медициналық университетінің ректоры Айқан Ақанов өз еркімен қызметінен кететіндігін мәлімдеді.

Оның үндеуі аталған білім ордасының ресми сайтында жарияланды.

«С.Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медициналық университетінің оқытушылары, қызметкерлері мен студенттері! Мен өтініш жаздым және зейнет жасына жетуіме байланысты өз еркіммен қызметімнен кетемін. Жасым 65-ке тақады және 2 жыл бойы зейнетақы алып келемін. Біздің Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев өте дұрыс айтады: Зейнеткерлер осынау қиын-қыстау кезеңде жас қуатты басшыларға орын босату тиіс. Мемлекет басшысының қолдауы және оның тапсырмаларын орындау үшін мен 8 жыл бойы біздің университетімізге басшылық жасадым. Университет осы аралықта мүлдем өзгерді», - делінген Айқан Ақановтың үндеуінде.

Сонымен қатар ол бюджет қызметтерін әртараптандырудың нәтижесінде мемлекет тарабынан бөлінетін қаржы 3,2 млрд. теңгеден 13 млрд. теңгеге дейін өскенін, студенттер саны 10 мыңнан асқанын, білікті педагогтардың 1,7  мыңға жеткенін атап өткен.

«Соңғы 5 жылда 4651 маман бітіріп шықты. Түлектердің 92 пайызы жұмысқа орналасты. Шынайы түрде үш тілде оқыту енгізілді. Ағылшын тілінде студенттердің 10 пайыздан астамы, оның ішінде бірінші курс студенттерінің үштен бірі білім алуда», -дейді университет ректоры.

 

 

Автор: Марлан Жиембай      
 Басты сөздер: Білім , Медицина
Қате таптыңыз ба? Белгілеп, CTRL+ENTER басыңыз

Сондай-ақ... оқыңыз

Ақтауда суретші балалар республикалық қауымдастыққа мүше болды (ФОТО)

АҚТАУ. ҚазАқпарат - Экологиялық жоба - «Каспий табиғатын бірге сақтайық!» байқауының ұйымдастырушылары балаларға ерекше сый дайындады. Биылғы байқау жеңімпаздары «Қазақстандағы биоалуандықты сақтау қауымдастығы» республикалық қоғамдық бірлестігіне мүшелікке қабылданды.

Пікір қалдыру

Аты:
Кодты енгізіңіз:*

Код тізім есебімен енгізіледі

Көп оқылғандары

Рио-2016: Қазақстан жалпы есепте 15-орынға көтерілді
Левит-Тищенко: Букмекерлер болжамы қандай?
Мырзағали Айтжанов: Левиттің қарсыласы менен кешірім сұрады
АУА РАЙЫ: 16 тамыз күні еліміздің бірқатар өңірінде аптап ыстық болады
Қызылорда облысы Қазақстанға ауыр атлетикадан қатарынан үш олимпиадада жүлде алып берді - Садық Мұстафаев
Левит-Тищенко жекпе-жегі де, төрелік те масқара болды - Washington Post
РИО-2016: Данияр Елеусінов финалға шықты
13 тамыз. ҚАЗАҚПАРАТ КҮНТІЗБЕСІ: АТАУЛЫ КҮНДЕР, ОҚИҒАЛАР, ЕСІМДЕР

АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚазАқпарат оқырмандарына 2016 жылғы 13 тамызға арналған күнтізбесін ұсынады. 13 тамыз, СЕНБІ  

Пікір білдірілген мақалалар