Адвокат
Олардың өмірі түбегейлі өзгеруі үшін тағдыр екеуін бір арнаға тоғыстырды.
Жанр: мелодрама
Тіл: қазақша
Ұзақтық: 70 мин.
Көрсетіледі: Дүйсенбі-жұма күндері 23:50-де


Ким Мён Мин сомдайтын кейіпкер Ким Сок Джу алпауыт компаниялардың бірінде заңгер болып жұмыс жасайды. Ол өз жоспарын жүзеге асыру үшін жолындағысын жайпап жүретін жұлымыр адам. Сондай-ақ Ким мақсатын орындау барысында ештеңеден тайынбайтын суыққанды, тасжүрек кейіпкер. Күндердің күнінде ол жол апатына ұшырып, есте сақтау қабілетінен айрылады. Жадын жоғалтқан соң оған бәрін қайтадан бастауына тура келеді. Ал хикаяда Пак Мин Ён сомдайтын кейіпкер Ли Джин Юн, Ким Сок Джу жұмыс жасайтын фирмаға сынақ мерзімінен өтуге келеді. Оның заңгерлік бойынша мүлдем тәжірбиесі жоқ. Қыз кедейлер ауданында өскен. Оның бар білері әрбір істе әрдайым әділетті болу.  






Актёры
Ким Мён Мин

Ким Мён Мин

Ким Мён Мин 1972 жылы 8 қазанда Оңтүстік Кореяда дүниеге келген. Актер тарихи драмадағы рөлдері арқылы кең танымал. Ол 2005 жылы Кореяның ең үздік актері аталымына ие болды. Ким Мён Мин түскен фильмдер: «Шесть летящих драконов» (2015), «С чистого листа» (2014), «Король драм» (2012), «Вирус Бетховена» (2008), «Белая башня» (2007), «Плохая семья» (2006), «Бессмертный адмирал» (2004), «Отец и сын» (2001).  

Пак Мин Ён

Пак Мин Ён

Пак Мин Ён  1986 жылы 4 наурызда Оңтүстік Кореяның Сеул қаласында туған. Жас актриса түрлі жанрдағы, оның ішінде драма, қиял-ғажайып, мелодрамалық 15-тен аса фильмге түскен. Пак Мин Ён ойнаған кинокартиналар: «Хилер» (сериал, 2014 – 2015), «С чистого листа» (сериал, 2014), «Башня» (2012), «Путешествие во времени доктора Джина» (сериал, 2012), «Человек чести» (сериал, 2011), «Кот: Глаза, которые видят смерть» (2011), «Городской охотник» (сериал, 2011), «Скандал в Сонгюнгване» (сериал, 2010), «Принцесса Чжа Мён Го» (сериал, 2009) «Хороший, плохой, долбанутый» (2008), «Я учитель» (сериал, 2007) «Воин ветра» (2004). 







Кино