• Басты
  • Жаңалықтар
  • АМСК жөніндегі халықаралық конференция қатысушылары ТМД-да теңдесі жоқ Тәжірибелік машық орталығына барды

АМСК жөніндегі халықаралық конференция қатысушылары ТМД-да теңдесі жоқ Тәжірибелік машық орталығына барды

7 Қараша, 2013 09:40
ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі Ерік Байжүнісов, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДҰ) Еуропалық бюросының директоры Жужанна Жакаб, БҰҰ Балалар қоры ЮНИСЕФ-тің Қазақстандағы өкілі Джун Кукита және тағы басқалар С.Ж.Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінде орналасатын Алғашқы медициналық санитариялық көмек жөніндегі ДДҰ-ның әлемдегі алғашқы географиялық шалғай кеңсесі ашылатын орында болды, деп хабарлайды ЖОО-ның баспасөз қызметі.

«Бүкіл ТМД кеңістігінде бірегей бұл орталық студенттердің клиникалық дағдыларын жетілдіру мақсатында ашылған. С.Ж.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ жанындағы Қасен Қожаханов атындағы Тәжірибелік дағдылар орталығы бұрын жұмыс істеп келген симуляциялық орталық базасында қайта құрылды. Бұл 2007 жылы ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің бастамасымен жасалған барлық медицина университеттері мен академияларға ортақ бағдарлама еді. Сол кезде білім берудің батыстық стандарттарына жуықтатылған жаңа мемлекеттік стандарт қабылданған болатын. Осы стандартқа сәйкес, студенттердің тәжірибелік дағдыларын дамытуға ерекше назар аударылады», - делінген хабарламада.

Бағдарлама бойынша Қазақстанның барлық мемлекеттік медицина ЖОО үшін фантомдар, муляждар, студенттерге білім беріп қана қоймай, тәжірибелік дағдыларға баулуға арналған жоғары технологиялық симуляторлар сияқты жабдықтар сатып алынды. Студенттер науқастардың қауіпсіздігіне жауап беретін дағдыларды оқу кезінде-ақ қалыптастыру үшін мұндай симуляциялық орталықтардан өтуі тиіс.

Сонымен қатар, бүгінде барлық медициналық бағыттар бойынша тренингтер өткізщу үшін медициналық муляждар алынды.

«Студенттеріміз тек теориялай ғана біліп қоймай, тәжірибелі жақсы дәрігер болуы үшін біз осынау орталықты аштық. Егер осыны жүзеге асыру қолдан келсе, біздің студенттер тәжірибелік жағынан дайындығы өте мықты маман болады», дейді ҚазҰМУ ректоры Айқан Ақанов.

 

 

 

 

Барлық жаңалықтар