Татарстан

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Координаттар: 55°33′ с. е. 50°56′ ш. б. / 55.55° с. е. 50.933333° ш. б. (G) (O)

Ресей Федерациясының субъекті

Татарстан Республикасы
Республика Татарстан
Татарстан Республикасы

Flag of Tatarstan.svg
Coat of Arms of Tatarstan.svg
Татарстан туы Татарстан елтаңбасы

Республика Татарстан Ресей картасында

Елордасы

Қазан

Жер аумағы

44-ші

- Барлығы
- % су беті

67 847 км²
6,4

Жұрты

8-ші

- Барлығы
- Тығыздығы

Green Arrow Up Darker.svg3 822 038 (2013)

56.33 адам/км²

ЖАӨ

6-шы

- Барлығы, ағым. баға
- Жан басына шаққанда

1004,7 млрд руб. (2010)

245,2 мың руб.

Федералды округ

Волга маңы

Экономикалық аудан

Волга маңы

Мемлекеттік тілі

Татарша, Орысша

Президент

Рустам Минниханов

Премьер-министр

Ильдар Халиков

Мемелекеттік кеңестің төрағасы

Фарид Мухаметшин

РФ субъектінің коды

16

ISO 3166-2 бойынша коды

RU-TA

Уақыт белдеуі

MSK (UTC+4)
Tatar03.png

Татарста́н Республикасы (тат. Татарстан Республикасы, Tatarstan Respublikası) — Ресей Федерациясының субъекті[1].
Көлемі 67836,2 шаршы шақырым (км²).
Халық саны 3768,5 мың адам ( 2005 жылының мәліметтері, қалада — 74,5 % (2005) тұрады. Халық тығыздығы: 55,4 адам/шақырымға (2005).
Жұрттың көбі татарлар (52,92 %) менен орыстар (39,49 %).
Республиканың құрамында 43 аудан, 20 қала (солардың 14 — республикаға қарайды), 21 қала сияқты елді мекен, 897 ауыл кеңес бар.
Орталығы — Қазан қаласы.

Этимологиясы[өңдеу]

Тарихы[өңдеу]

Татарстан жерін адамзат палеолит дәуірінен қоныстанған. Ерте орта ғасыр дәуірінде Түрік қағандығы құрамында болды. 9 – 10 ғ-ларда бұлғарлардың бір бөлігі Еділ өз-нің орта ағысына қарай ығысып, мұнда Еділ Бұлғариясы атты мемлекет құрды. Ол кейіннен Батудың Русь пен Шығыс Еуропаға жорығы нәтижесінде Алтын Орда құрамына енді. 15 ғ-дың 1-жартысында Татарстан жерінде Қазан хандығы бой көтерді. Орыс патшалығының 1545 – 52 жылдардағы басқыншылығынан кейін Қазан хандығы Ресейге бағынды. 1708 ж. Қазан губ-сы құрылды. Патшалық Ресейдің отаршылдық саясаты Татарстан халқына ауыр зардаптар әкелді. Мұнда орыстандыру, шоқындыру саясаты қарқын алды. Халықтың сана-сезімін ояту бағытында татар зиялылары ағартушылық бағыттағы іс-шараларды жүзеге асыруға талпыныс жасады. Каюм Насыри, Маржани секілді көрнекті ағартушылардың атқарған қызметі өзіндік маңызға ие болды. Қазан қ-ндағы “Мухаммадия” медресесі Ресейдегі түркі-мұсылман жұртшылығы арасындағы ең танымал оқу орнына айналды. 19 ғ-да Қазанда баспа ісі дамып, татар, башқұрт және қазақ тілдеріндегі кітап шығару ісі қанат жайды. 20 ғ-дың бас кезінде Ресейде өрбіген азаттық қозғалысы барысында тек татар ғана емес, отарлық езгідегі барлық түркі-мұсылман халықтарының мүддесін қорғауға Ю.Акчурин, С.Мақсұдов, Ә.Ибрагимов секілді қайраткерлер белсенділік танытты. 1917 жылғы Ақпан революциясынан кейін қалыптасқан саяси ахуал жағдайында Татарстан жерінде ұлттық-мәдени автономия құруға қадам жасалып, бұл құрылымның Миллет меджлиси (Ұлттық жиналыс) атты парламенті мен Милли идаре (Ұлттық басқарма) деген жоғары атқару органы құрылды. Алайда ұлттық-мәдени автономияның аяғынан нық тұруына кеңес өкіметінің орнығуы кедергі келтірді.

Кеңес өкіметі өңірде орнағаннан соң татар және башқұрт интеллигенциясының өкілдері 1918 ж. 1 наурызда РКФСР құрамындағы Орал-Еділ штатын құру идеясын көтерді. Онда Қазан мен Уфа губернияларын толықтай және Вятка, Орынбор, Пермь, Самара, Симбирск губернияларының біраз бөлігін қамтыған татар-башқұрт халықтарының ұлттық автономиясы етіп жариялау көзделді. Бірақ бұл ұсынысқа жергілікті большевиктік билік ашық қарсылық танытты. БОАК пен РКФСР ХКК-нің 1918 жылғы 26 тамыздағы декреті бойынша РКФСР құрамында Татар АКСР-і құрылды. Кейін ол Украина, Беларусь және Ресей құрамындағы республикаларымен бірге Кеңестер Одағының құрылтайшысы болды. Бірақ Орталық Азиядағы автоном. республикалар одақтас республикалар мәртебесіне ие болған кезде Татарстан автономия күйінде қала берді. Кеңестер Одағы кезінде Татарстанның экономикасында ірі алға басушылықтар жүргенімен рухани саланы, ұлттық тіл мен мәдениетті дамыту кенжелеп қалды. Татар халқы да басқа түркі-мұсылман халықтары секілді екі рет әліпби өзгертуді бастан кешірді. Ұлттық интеллигенция сталиндік қуғын-сүргінді бастан кешті. М.Сұлтанғалиев секілді ұлт зиялылары тоталитарлық режимнің құрбаны болды. 1988 ж. Татар қоғамдық орт. мемл. егемендігін алу жолында қозғалыс бастады. Бұл іс бұқаралық сипат алып, республика жұртшылығы ұлттық тәуелсіздік идеясын жаппай қолдады. 1990 ж. 30 тамызда Татарстан Жоғ. Кеңесінің сессиясы Татарстанның мемл. егемендігі туралы декларация жариялады. 1991 ж. көктем және жаз айларында Ново-Огоревада одақтық келісімшартты әзірлеу барысында Татарстан автономиялардың мүддесін жүйелі қорғап шығып, олардың Одақтық федерациясының дербес субъектісі ретінде мойындалуына қол жеткізді. 1991 ж. 12 маусымда Татарстан президенті сайланды. Татарстанның тұңғыш президенті М.Шәймиев болды. 1992 ж. 21 наурызда өткен референдум негізінде Татарстанның мемл. мәртебесі айқындалды. Осы жылы 6 қарашада Татарстан Конституциясы қабылданды.

Татарстан – индустриалды-аграрлы ел. Экономикалық құрылымының 50%-ы өнеркәсіптің, 15%-ы а. ш-ның, 10%-ы құрылыстың, 25%-ы байланыс пен көлік қатынасының, т.б. үлесіне тиеді. Өнеркәсіптің жетекші салалары – машина жасау, мұнай-газ өндіру, өңдеу және мұнай химиясы. Қрі кәсіпорындары – “КамАЗ” жүк автомобиль з-ты, Нижнекамск мұнай-химия комб., “Нижнекамскшина”, Қазан авиац. өндірістік бірлестігі, “Татмұнай” бірлестігі. Ауыл шаруашылығы негізінен ет-сүт өндіретін мал шаруашылығына мамандырылған. Сонымен қатар аң өсіру, бақша дақылдарын егу, құс және ара ш. жақсы дамыған.

Татарстан мәдениеті дәстүрлі ұлттық мәдениет арнасында қалыптасты. Жазба мәдениеті ежелгі дәуірден бастау алады. Ең көне үлгілері – “Жүсіп – Зылиха” (13 ғ.) дастаны мен авторы белгісіз “Кесікбас” (“Кисекбаш”) жыры, “Сопыларға өсиет” атты дидакт. шығарма, т.б. Кейінгі орта ғасырларда татар әдебиетінде Мауля Кули (17 ғ-дың 2-жартысы), Утыз Имяын (1754 – 1834), Шамсетдин Заки (1825 – 65), т.б. сопылық-дидакикалық. ағым өкілдері көптеген шығармалар қалдырды. 19 ғ. әдебиетінде ағартушылық бағыт ұстанған Әбунасыр Курсави(1776 – 1902), Маржани (1813 – 89), Каюм Насыри (1825 – 1902) әдеби, ғыл.-танымдық еңбектерімен татардың қазіргі әдеби тілінің негізін қалыптастырды. Ғабдолла Тоқай (1886 – 1913), Ғалымжан Ибрагимов (1887 – 1938), Мәжит Ғафури (1880 – 1934), т.б. шығармаларында дәуір тынысы, ел басындағы тарихи-әлеум. ахуал шынайы бейнеленді. Мұса Жәлелдің (1906 – 44) “Моабит дәптері” атты өлеңдер жинағы адамзат баласының фашизмге қарсы күресінің рухани туы ретінде бағаланып, әлемге даңқы жайылды. Татарстанда қазіргі кезде 12 кәсіби театр, филормония, мемл. симфон. оркестр, 300-ден аса музей, кітап қоры 28 млн. том құрайтын кітапханалар жұмыс істейді. Тарихи-сәулет ескерткіштерінен 16 – 19 ғ-ларда салынған Қазан кремлінің орны ерекше. Татарстанда жазушылар, журналистер, композиторлар, кинематографтар, сәулетшілер одағы сияқты шығарм. ұйымдар бар. Татарстан Президенті жанынан Мәдениетті қолдау және дамыту қоры құрылған. Сондай-ақ “Бұлғар” қоры, т.б. қоғамдық ұйымдар мәдени мұраларды сақтаумен айналысады. 1 мыңнан астам көне мәдениет ескерткіштері мемл. қамқорлығына алынған. Республикада “Мирас” бағдарламасының шеңберінде ескерткіштердің ерекше каталогы – “Татарстан Республикасы: тарих пен мәдениет ескерткіштері”, “Татар халқының 18 – 20 ғасырлар басындағы ескерткіштер” жинағы, т.б. анықтамалар жарық көрді. 6 қорық: Кремль, Булгар, Елабуж, Биляр, т.б. музейлері мемлекеттің ерекше қамқорлығында. Республикада фольклорлық ансамбльдердің саны өсіп, Сабантуй, Нардгун, Наурыз, “Қаз эмесі” сияқты дәстүрлі ұлттық мерекелері қайта дамытылған.

Географиясы[өңдеу]

Әкімшілік бөлінуі[өңдеу]

Халқы[өңдеу]

Мемлекеттік құрылымы[өңдеу]

Президент[өңдеу]

  1. Минтиме́р Шари́пович Шайми́ев 12 маусым 1991 - 25 наурыз 2010
  2. Минниханов, Рустам Нургалиевич - 25 наурыз 2010

Дереккөздер[өңдеу]

  1. Ресей ФедерациясыныңКонституциясының 5 бап , Республикасының ТатарстанКонституциясының 1 бап
Ортаққорда бұған қатысты медиа файлдар бар: Category:Tatarstan