Аргентина

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Аргентина Республикасы
ис. República Argentina
Flag of Argentina.svg Аргентина елтаңбасы
Байрақ Елтаңба
Ұран: «En Unión y Libertad»
Аргентина ұлттық әнұраны
Argentina (orthographic projection).svg
Құрылды 25 мамыр 1810
Тәуелсіздік күні 9 шілде 1816 (Испаниядан)
Ресми тілі Испан тілі
Елорда Буэнос-Айрес
Ірі қалалары Буэнос-Айрес, Кордова, Росарио
Үкімет түрі Президент республикасы
Президент
Вице-президент
Премьер-министр
Кристина Киршнер
Амадо Буду
Хорхе Капитанич
Жер аумағы
• Барлығы
• % су беті
Әлем бойынша 8-орын
2 766 890 км²
1,1%
Жұрты
• Сарап (2013)
Тығыздығы

42 610 981[1] адам (32)
15 адам/км²
ЖІӨ (АҚТ)
  • Қорытынды (2011)
  • Жан басына шаққанда

710,7 млрд. [2] $
17 380[2] $
Валютасы Аргентина песосы
Әуе компаниясы Aerolíneas Argentinas
Интернет үйшігі .ar
ISO коды AR
ХОК коды ARG
Телефон коды +54
Уақыт белдеулері -3

Координаттар: 37°11′00″ о. е. 67°22′00″ б. б. / 37.183333° о. е. 67.366667° б. б. (G) (O)

Аргентина (ис. Argentina), толық атауы Аргентина Республикасы (ис. República Argentina [reˈpuβlika aɾxenˈtina]) - Оңтүстік Америкада орналасқан мемлекет.

Географиясы[өңдеу]

Аргентина — Оңтүстік Американың (Латын Америкасының) оңтүстік-шығыс бөлігінде орналасқан мемлекет, федеративтік республика. Аумағы 2,77 млн. км². Халқы – 42,6 млн. адам (2013), мемлекеттік тілі – испан тілі. Астанасы – Буэнос-Айрес. Аргентина 22 провинция, 1 ұлттық аумақ және 1 федералды астаналық округке бөлінеді. Аргентинаның солтүстік-шығысында Гран-Чако, Ла-Плата жазықтары, батысында Анд тауы (ең биік тұсы Аконкагуа шыңы, 6960 м) жалғасып жатқан Атакама шөлі бар. Оңтүстік-батысын Патагония үстірті (2000 м) алып жатыр. Кен байлықтарынан мұнай және табиғи газ, тас көмір, қорғасын, мыс, темір, вольфрам, уран кентастары өндіріледі. Аргентина тропиктік, субтропиктік және шөлейтті климаттық белдеуде орналасқан. Қаңтардың орташа температурасы 9 – 20 С, шілдеде 23 – 30 С, жылдық жауын-шашын мөлшері 250 – 900 мм. Суы мол Парана, Парагвай, Уругвай өзендерінде кеме жүзеді. Көлдердің көбі осы өзендердің алабында және Патагонияда орналасқан. Жерінің бестен бірі тропиктік орман.

Ерте заманда Аргентина жерінде үндіс тайпалары қоныстанған. Солтүстік-шығыс пен орталықта гуарани, тапес, чарруа, керанда, солтүстік-батыста диагиттер, оңтүстікте араукандар, патагондар тұрған. Диагит тайпалары отырықшы тұрмыс құрып, егіншілікпен шұғылданды, мата тоқуды, түсті металл қорытуды кәсіп етті. Бұлардан басқалары негізінен көшпелі үндістер болды. 1516 ж. испан теңізшісі Хуан Диас де Солис Рио-дела-Плата өзені сағасының төңірегін Испания жері деп жариялады. Осы күнгі Аргентина жерін отарлау 15 ғасырдың 30-жылдарынан кейін күшейе түсті. Отаршылдар үндістерді қырып-жойып, көпшілігін құлға айналдырды. Испандар бағындыра алмаған тайпалар құнарлы жерлерінен тықсырылып, оңтүстіктегі суық өңірлерге қарай ығысты. 1620 ж. жаулап алынып, Ла-Плата деген ат қойылған аймақ Перу вице-корольдігіне қосылды. Отарлаушылар ірі жер иеліктерін құрып, жұмыс қолы жетіспеген соң Африкадан зәңгі-құлдар әкеле бастады. Осы күнгі Аргентина, Боливия, Парагвай мен Уругвай кіретін аймақ 1766 ж. Ла-Плата вице-корольдігі болып бөлінді. 19 ғасырдың басында Испанияның отарлық үстемдігі әлсіреп, енді бұл өңірге ағылшындар көз тіге бастады. Алайда жергілікті халық жасақтары 1806 – 07 ж. ағылшындардың екі дүркін шабуылын тойтарып, 1810 ж. Ла-Платаның уақытша үкіметін құрды. Үкімет тәуелсіздік жолындағы күресті күшейтті. 1816 ж. 9 шілдеде Оңтүстік Американың біріккен провинциялары (осы күнгі Аргентина) өз тәуелсіздігін жариялады. 1826 ж. Аргентина Федеративтік Республикасы болып қайта құрылды. 19 ғасырдың 2-жартысында Еуропадан қоныс аударушылар лек-легімен ағылып, елдің халқы тез көбейді, экономика жедел өркендеді. 20 ғасырдың басында еуропалықтардан құралған аргентина ұлтының қалыптасу процесі аяқталды. Отаршылдар қырғынынан аман қалған аз ғана үндістер елдің қиыр оңтүстігі мен солтүстігін мекендеуге мәжбүр болды. 20 ғасырдың 30-жылдарынан басталған әскери төңкерістер 1983 жылға дейін толастамай, Аргентина жарты ғасырдан астам уақыт әскери адамдардың билігінде болды (1955 – 58); 1966 – 73; 1976 – 83). Соңғы әскери режим билігі кезіндегі елдегі жағдай әсіресе 1982 ж. сәуір – маусым айларында Англия мен Аргентина арасындағы әскери жанжал кезінде шиеленісе түсті. Бұл соғыста Аргентина жеңіліс тауып, Фолкленд (Мальвин) аралдарында (Оңтүстік Атлантика) Ұлыбританияның үстемдігі орнады. 1983 ж. елде демократиялық өкімет қайта орнап, құқық билігі үстемдік алды. Аргентина Біріккен Ұлттар Ұйымына, Халықаралық валюта қорына, Америка мемлекеттері ұйымына және басқа да халықаралық ұйымдарға мүше. 1993 ж. 25 маусымда Қазақстан Республикасымен дипломатиялық қатынастар орнатты.

Аргентина – аграрлы-индустриялы ел. Негізгі пайда экспортқа шығаратын өнімдерінен түседі. Экономикасының дамыған саласы – ауыл шаруашылығы. Басты бағыты – астық және мақта егу, етті мал өсіру. Сонымен қатар темекі, жеміс және цитрус плантациялары бар. Жері орманды, ағаш қоры жөнінен Латын Америкасында 3-орын алады. Теңіз жағалаулары мен өзендерден балық ауланады. Пайдалы қазбаларға бай. Мұнай, газ, тас көмір, темір, қорғасын, мырыш, уран кендері өндіріледі. Өнеркәсібінің басты салалары – ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдейтін тамақ және жеңіл өнеркәсіп, кен өндірісі. Бидай ұны, қант, күнбағыс майы, мақта жібі, жасанды талшық өндіріледі. Металлургия өнеркәсібін дамытуда едәуір табысқа жеткен. Машина жасау өнеркәсібі автомашиналар мен тракторлар, станоктар мен кіржуғыш машиналар шығарады. Басты өнеркәсіп орталығы – Буэнос-Айрес қаласы. Барлық жүк айналымының 37,2%-ы су жолымен (басты порттары – Буэнос-Айрес, Госарино), 29,5%-ы автомобильмен, 20,6%-ы темір жолмен, 12,7%-ы құбыр арқылы тасылады. Сыртқы саудадағы негізгі серіктестері – АҚШ, Бразилия, Германия.

Тарихы[өңдеу]

16 ғасырда испандықтар Онтүстік Американы жаулап ала бастады. Бұларды жат жерден алтын мен күміс табыла ма деген үміт қызықтырған еді. Сондықтан олар құрлықтың оңтүстігіндегі елді – Аргентина – ‘күмісті’ деп атады.

Бірақ Аргентинада алтын да, күміс те жоқ болып шықты. Бірнеше ғасыр бойы ол Испанияның Америкадағы иесіз қалған отарларының шет аймағы күйінде қала берді.

Осыдан бір ғасырдан аз-ақ бұрын бұл өңір өзгеріп сала берді. Бұл кезде теңіз жолдары құрлықтарды бір-бірімен жалғастырып жібірген еді. Еуропада өнеркәсіп қауырт дамып, қалалар тез өсті. Осыған байланысты Аргентинада ауыл шаруашылығы, әсіресе мал шаруашылығы шұғыл дами бастады. Аргентина еті Еуропаға жөнелтіліп жатты.

1814-1817 генерал Жозе Сан Мартин, Испаниямен тәуелсіздік үшін соғыс бастады. Оның арқасында Аргентина, Чили және Перу өздерінің тәуелсіздігін жариялады.

Саясат[өңдеу]

Діні[өңдеу]

Әкімшілік құрылысы[өңдеу]

Аргентина елордасы Буэнос-Айрес – қазір дүние жүзіндегі аса ірі қалалар мен порттардың бірі.

Аргентинада 24 провинция бар, олар:

  1. Буэнос Айрес Қаласы
  2. Буэнос Айрес Провинциясы
  3. Катамарка Провинциясы
  4. Чако Провинциясы
  5. Чубут Провинциясы
  6. Кордоба Провинциясы
  7. Корринтес Провинциясы
  8. Энтре Риос Провинциясы
  9. Формоса
  10. Джучу Провинциясы
  11. Ла Пампа Провинциясы
  12. Ла Риола Провинциясы
  13. Мендоза Провинциясы
  14. Мисионес Провинциясы
  15. Неукуен Провинциясы
  16. Рио Негро Провинциясы
  17. Салта Провинциясы
  18. Сан Жуан Провинциясы
  19. Сан Луис Провинциясы
  20. Санта Крус Провинциясы
  21. Санта Фе Провинциясы
  22. Сантиаго де Эстеро Провинциясы
  23. Тьерра де Фуего Провинциясы
  24. Тукуман Провинциясы

Аргентинаның ең үлкен қалалары:

Кордоба қаласы.
Буэнос Айрес қаласы.
Розарио қаласы.
Салта.
Қаласы Провинциясы Жұрты Аймақ
1 Буэнос-Айрес Қаласы + 24 partidos Буэнос-Айрес Провинциясыда 12,789,000 Pampas
2 Кордоба Кордоба Провинциясы 1,372,000 Pampas
3 Розарио Санта Фе Провинциясы 1,242,000 Pampas
4 Мендоза Мендоза Провинциясы 885,000 Cuyo
5 Тукуман Тукуман Провинциясы 789,000  NOA (northwest) 
6 Ла Плата Буэнос Айрес Провинциясы 732,000 Pampas
7 Мар дел Плата Буэнос Айрес Провинциясы 604,000 Pampas
8 Салта Салта Провинциясы 516,000 NOA (northwest)
9 Санта Фе Санта Фе Провинциясы 493,000 Pampas
10 Сан Жуан Сан Жуан Провинциясы 453,000 Cuyo
11 Резистенсия Чако Провинциясы 377,000 Gran Chaco
12 Сантиаго де Эстеро Сантиаго де Эстеро Провинциясы  357,000 Gran Chaco
13 Корринтес Корринтес Провинциясы 345,000 Mesopotamia
14 Бахла Бланка Буэнос Айрес Провинциясы 304,000 Pampas
15 Сан Салвадор де Джучу Джучу Провинциясы 298,000 NOA (northwest)
16 Посадас Мисионес Провинциясы 287,000 Mesopotamia
17 Парана Энтре Риос Провинциясы 268,000 Mesopotamia
18 Неукуен Неукуен Провинциясы 255,000 Patagonia
19 Формоса Формоса 229,000 Gran Chaco
20 Сан Фернандо дел Валле Катамарка Катамарка Провинциясы 196,000 NOA (northwest)
21 Сан Луис Сан Луис Провинциясы 192,000 Cuyo
22 Ла Риола Ла Риола Провинциясы 172,000 NOA (northwest)
23 Рио Куарто Кордоба Провинциясы 161,000 Pampas

[3]

Дереккөздер[өңдеу]

  1. Census.gov Country Rank. Countries and Areas Ranked by Population: 2013. U.S. Department of Commerce (2013). Басты дереккөзінен мұрағатталған 9 мамыр 2013. Тексерілді, 9 мамыр 2013.
  2. a b Report for Selected Countries and Subjects .
  3. INDEC