Босния және Герцеговина

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Босния және Герцеговина
Bosna i Hercegovina
Босна и Херцеговина
Flag of Bosnia and Herzegovina.svg Босния және Герцеговина елтаңбасы
Байрақ Елтаңба
Босния және Герцеговина ұлттық әнұраны
Location Bosnia-Herzegovina Europe.png
Тәуелсіздік күні 5 сәуір 1992 (Югославиядан)
Ресми тілдері боснақ тілі, хорват тілі, серб тілі
Елорда Сараево
Ірі қалалары Сараево, Баня-Лука, Зеница, Тузла, Мостар
Жер аумағы
• Барлығы
• % су беті
Әлем бойынша 128-орын
51 197 км²
10
Жұрты
• Сарап (2009)
Тығыздығы

4 622 163[1] адам (120)
90 адам/км²
ЖІӨ (АҚТ)
  • Қорытынды (2009)
  • Жан басына шаққанда

32,59 млрд[2] $ (105)
7,064.84 $
Валютасы Босния маркасы
Интернет үйшігі .ba
ISO коды BA
ХОК коды BIH
Телефон коды +387
Уақыт белдеулері +1

Координаттар: 44°06′00″ с. е. 17°58′00″ ш. б. / 44.1° с. е. 17.966667° ш. б. (G) (O)

Босния және Герцеговина - (серб. Босна и Херцеговина, босн. Bosna i Hercegovina) - Еуропадағы Балқан түбегінде орналасқан ел.
Босния мен Герцеговина -— Балқан түбегінің орталығында, негізінен, Динар таулы қыратын алып жатқан мемлекет. Жерінің аум. 51 мың км². Халқы 4,4 млн. Халқының 31,4%-і — сырыбтар, 17,3%-і — хорваттар, қалғандары албан, түрік және т.б. ұлттар өкілдері. Астанасы — Сараево қаласы. Ресми тілдері: босния, сырыб, хорват тілдері. Тұрғындарының көпшілігі мұсылмандар, бұған қоса православие және католик дініндегілер де тұрады. Париж бейбіт келісімі бойынша Б. мен Г-ны 3 адамнан тұратын Президиум басқарады. Заң шығарушы орган — Парламент ассамблеясы, үкіметті Министрлер кеңесі басқарады.

Әкімшілік бөлінуі[өңдеу]

Босния және Герцеговина - екі энтитеттен және бір дистрикттен құрастырылған федеративтік мемлекет. Энтиттері - Српска республикасы және Босния және Герцеговина федерациясы (БиХ федерациясы). Српска республикасы Босния және Герцеговинаның - 49% жерін алады, Босния және Герцеговина федерациясы мемлекеттің 51% жерін алады. Жалғыз дистрикттің атауы - Брчко. БиХ федерациясы он кантонға бөлінеді:

A.
A.
A.

Географиялық мәліметтер[өңдеу]

Босния мен Герцеговинаның жер бедері таулы. Климаты жерортатеңіздік, континенттік. Қаңтар айының көп жылдық орташа темп-расы –1 — 3°С, шілдеде 20°С. Жылдық орташа жауын-шашын мөлш. 400 — 600 мм. Тау аңғарларымен өзен арналарында емен, шырша, қайың аралас орман өскен. Кен байлықтары: темір, қорғасын, мырыш, боксит және т.б.

Тарих[өңдеу]

Қазіргі Босния мен Герцеговинаның жерін 6 — 7 ғасырларда славяндар қоныстана бастады. Олар 7 — 14 ғасырларда алдымен князьдікке, кейіннен корольдікке бірікті. 15 ғасырдан бастап Осман сұлтандығына бағынды. Ал 1878 ж. Австрия — Венгрияның қол астына өтті. 1-дүниежүзілік соғыстан кейін, 1918 жылдан бастап Югославия корольдігінің қол астына көшті. 1941 ж. елді Германия басып алып, “тәуелсіз Хорват үкіметінің” басқаруына берді. 2-дүниежүзілік соғыстан кейін Югославияның құрамына одақтас 6 республиканың бірі ретінде кірді. 1990 ж. қараша айында Босния мен Герцеговинаның республикасында 1-ші рет көппартиялық сайлау өтті. Нәтижесінде республика тұрғындары мұсылман, серб, хорват болып 3-ке бөлініп, өзара қақтығыстар орын алды. 1992 ж. сәуір айында мұсылмандар мен хорваттар елдің тәуелсіздігін жариялады да, БҰҰ-ның құрамына кірді. Бұған серб тұрғындары көнбей, екі жақ ортасында қарулы қақтығыстар басталып, соғыс 1995 жылдың қыркүйек айына дейін созылды. АҚШ, Ресей және Еуропа Одағы елдерінің араласуымен 1995 ж. 14 желтоқсанда Босния мен Герцеговинаның, Югославия, Хорватия өзара бейбіт келісімге қол қойды. Елде металлургия, машина жасау, химия, көмір өндірістері жақсы дамыған.[3]

Map Bih entities.png

Дереккөздер[өңдеу]

  1. Bosnia and Herzegovina - CIA World Factbook
  2. Report for Selected Countries and Subjects (англ.)
  3. «Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 жыл, ISBN 5-89800-123-9, II том